Energy Podcast

di Abzal Narymbetov

Подкасты от профессионалов в сфере аналитики в различных областях (нефтегазовая индустрия, образование, строительство, логистика, агроиндустрия, инвестиции)

Episodi del podcast

  • Stagione 1

  • 10 жылда студенттік өмірден университет ректорлығына дейін

    10 жылда студенттік өмірден университет ректорлығына дейін

    Бүгінгі подкастта еліміздегі энергетика және мұнайгаз бағыттары бойынша білімнің қыр-сырын талқылаймыз. Қазақстандық және шетелдік білім беру орындарының ерекшеліктері қандай? Ғалымдар ашып жатқан жаңалықтар неге іс жүзінде қолданылмайды? Білім орындары мен индустрия арасында көпір құру үшін не істеу қажет? Заманауи университет көшбасшысы қандай болуы қажет? Осы және өзге де өзекті сұрақтарға қонағымыз Мұрат Сыздықовпен ой-пікір алмастық. Түсірілім қонағы: Мұрат Сыздықов - Мұнайгаз саласының білікті маманы, Colorado School of Mines (АҚШ) түлегі, Қазақстандағы бірқатар ЖОО-да басқарушы, ректор қызметін атқарған Подкаст авторы: Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram және Instagram арналарының авторы Таймкодтар: 02:13 Спикермен танысу 04:02 Мұнайшы мамандығы қазір сұраныста ма ? 05:38 Мұрат мырзаның кәсіби тәжірибесі – шетелде және Қазақстанда 07:58 АҚШ-та бакалавр дәрежесін алудың ерекшелігі 09:11 АҚШ-тағы академиялық, ғылыми карьераның ерекшелігі 11:15 Колорадо тау-кен мектебін таңдаудың себебі 15:52 ЖОО-на SWOT анализ 17:42 Ғалымдар мен индустрия екі түрлі әлемде жүр 20:18 Білім саласына қаражатты дұрыс бөлу қажет 24:32 ЖОО кадрларының орташа жасы қандай? 29:30 Жоғары буын өкілдері жұмыс орнын босатқысы келмейді 30:57 Шетелдік университеттерде орташа жас қандай? 32:18 Көшбасшының бірінші міндеті - өзінен кейін адам қалдыру 34:08 Қазақстанда ЖОО көп пе? Білім сапасына қалай ісер етеді? 38:50 Студент санының көпшілігі шығын мен жатақхана мәселесіне тікелей әсер етеді 40:10 Өңірлердегі шетелдік университеттердің филиалдары туралы 44:30 Қазақстанда филиал ашқанда қағаз жұмыспен шектелмеу керек 49:16 Ғалымдардың идеялары шектелген 53:08 Ұлттық Ғылыми Кеңес мүшелерінің бағалауы қандай? 56:07 Америкада мұнайгаз саласының дамып кетуіне не себеп? 58:50 Әр тараптар өзара байланыста болуы қажет Біздің парақшаларға жазылыңыз Instagram: https://www.instagram.com/energy_anal... Linkedin: https://www.linkedin.com/company/anal... Telegram: https://t.me/EnergyAnalytics

  • Тау-кен саласы: сынақтар мен мүмкіндіктер

    Тау-кен саласы: сынақтар мен мүмкіндіктер

    Бүгінгі эпизодта тау-кен саласының ерекшелігі мен басты челлендждері туралы сөз қозғадық. Қазақстандағы пайдалы қазбаларды игерудің тарихы, қазіргі жағдайы мен келешегі қандай? Шетел тәжірибесінен не үйренеміз? Елімізде тау-кен саласына заңнамалық және қаржылық қолдау қандай? Менделеев кестесіндегі элементтер көп кездесетін жеріміздің қанша пайызы зерттелді? Осы және өзге де тау-кен саласының өзекті мәселелеріне білікті маман, бизнес-сарапшы Қанат мырзамен бірге жауап іздеп көрдік. Подкаст қонағы: Қанат Құдайберген - тау-кен саласында 15 жылдан аса тәжірибесі бар білікті маман, бизнес-сарапшы, GreyWolf Management компаниясының бас директоры, Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Подкаст авторы: Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram және Instagram арналарының авторы Тайм-кодтар: 02:14 Спикермен таныстыру 03:37 Қазақстандағы тау-кен саласының қызметі мен тарихы 06:45 Қор есебінің стандарттары және негізгі мәселелер 08:12 Тәжікстанда бастан өткен тәжірибе туралы 11:00 Канадалық инвесторлар келгенде неге таң қалды? 14:33 Пайдалы қазбаларды зерттеу туралы статистика не дейді? 17:31 Канаданың геологиялық зерттеу орталығының қызметі туралы 19:14 Геологиялық ақпараттарды неге мемлекеттік құпияға кіргізеді? 23:38 Координаттармен жұмыстың қиындықтары 26:09 Пайдалы қазбаларды зерттеудің қаржылық менеджменті 30:19 Шетелдік компаниялардың қор нарығына шығуы 32:00 Қазақстан Австралия мен Канаданың деңгейіне жете алады 35:00 Халықаралық тәжірибе – инвестициялық қорлардың қолдауы 39:29 Мұнайдан қосымша шығатын металдарды игеру тәжірибесі 43:11 Бізде неге ұлттық тестілеу орталығы жоқ? 46:05 Ірі кәсіпорындардың тау-кен саласына елеулі әсері 49:51 Мемлекеттік геологиялық зерттеу қызметі туралы 52:59 Реформалар аяғына дейін жетуі қажет 55:01 Сауд Арабиясы нарығының ерекшелігі қандай? 57:22 Тау-кен саласындағы білім алу – Қазақстан мен шетелдік оқытудың ерекшеліктері 58:58 Білімді модернизациялау керек 1:02:28 Бізде білікті мамандар бар, нарық та қалыптасып келе жатыр 1:04:10 Батыс Қазақстанда метал шығаратын потенциал бар 1:06:01 Қорытындылау – біз дамыған елдерден еш кем емеспіз

  • Мұнайгаз. Жасанды интеллект. Qaz GPT

    Мұнайгаз. Жасанды интеллект. Qaz GPT

    Бүгінгі подкастта цифрландыру мен жасанды интеллекттің өміріміздегі орны туралы талқылаймыз. Қонағымыз - Олжас мырза мұнайгаз саласында бұрғылау, инженерия бағыттары бойынша көп жыл қызмет еткен, сонымен қатар халықаралық стандарттар, әкімшілік басқару және цифрландыру өнімдері бойынша тәжірибесі бар маман. Эпизодта процестерді қалай тиімді оңтайландыруға болады, қазіргі таңда мұнайгаз және басқа да өндіріс саласын қалай дамыту қажет, қазақ тілінде цифрландырудың келешегі қандай болмақ деген сияқты терең сұрақтарға жауап алдық. Түсірілім қонағы: Олжас Сүлейменов - Көпжылдық тәжірибесі бар мұнайгаз саласының маманы, ALDIS компаниясының директоры, QAZ GPT қазақ тіліндегі жасанды интеллект өнімін жасаушы Подкаст авторы: Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram және Instagram арналарының авторы Тайм-кодтар: 2:26 Спикермен танысу 4:10 Мұнайгаз саласындағы халықаралық стандар туралы 8:10 КСРО жүйесінің және Қырғи қабақ соғысының мұнайгаз саласына әсері 11:20 Компаниялардың халықаралық стандартқа өтуінің тиімді және тиімсіз тұстары 15:45 Мұнай - біздің экономиканың драйвы 18:23 Әлемдегі және еліміздегі электромобиль санының күрт өсу себептері 26:07 Авиация және мұнай химиясының болашағы 28:55 Мұнайгаз саласындағы цифрландырудың маңыздылығы 33:37 Жасанды интеллект адамдардың орнын алмастыра алады ма? 38:47 Қазақ тіліндегі жасанды интеллект өнімдері: QazGPT 41:04 Қазақ тілін білсең, программалауды білесің 45:25 Мемлекеттік жұмыстағы тәжірибе жайлы 49:10 Мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру тәсілдері 52:28 Мемлекеттік қызметтің қиыншылықтары 54:20 Күрделі мәселені тиімді шешу жолы - ашық талқылау 58:43 Халықаралық стандарттармен емес, ескі тәсілмен жұмыс жасайтын адамдарға кеңес 1:03:39 Қорытындылау

  • От нефти к инвестициям: Путь Казахстанского экспата

    От нефти к инвестициям: Путь Казахстанского экспата

    В эпизоде мы встречаемся с Олжасом Тлеухабылулы, который поделится своим путешествием по международной карьере и образованию. Наш гость обучался на MBA в Оксфорде, на магистратуре в Имперском колледже Лондона. Имеет опыт работы в крупных нефтегазовых компаниях в Казахстане (KPO, Shell), а также зарубежом - в Украине (Neftogaz), Италии (Eni) и Норвегии (Aker ASA). Спикер также является консультантом и инвестором с большим опытом и автором канала об инвестициях. Присоединяйтесь к нам, чтобы узнать о глобальных возможностях, профессиональных вызовах, полезных советах и вдохновляющей истории успеха от человека, который прошёл этот путь сам. Автор подкаста: Абзал Нарымбетов - Нефтегазовый аналитик, Бизнес-аналитик, автор Telegram канала Energy Analytics и Youtube канала Energy Podcast Гость выпуска: Олжас Тлеухабылулы - Международный нефтегазовый эксперт, консультант с многолетним опытом работы, инвестор-энтузиаст, автор Telegram канала "Разумный Инвестор" по инвестированию. Таймкоды: 2:14 Знакомство со спикером 7:01 Нефтяная промышленность - кровь нашей экономики 8:23 Зеленая позиция студентов Оксфордского университета 13:25 Советы абитурентам, которые хотят учиться за границей в топовых университетах 16:09 Рынок труда в Норвегии, Италии и Украине 20:01 Казахстанские молодые специалисты за рубежом – будущее нашей страны 22:40 Текущее финансовое состояние нефтегазовых компаний 23:43 Портфель Уоррена Баффета 25:25 Нужно ли вкладываться в акции в госкомпаний? 26:12 Различие между американскими и европейскими компаниями 30:15 Чем отличилась компания Eni? 31:40 Эффективность компании Equinor 32:23 Сравнение акций Казмунайгаза и Petrobras 34:34 Казахстанцам не выгодно вкладываться в казахстанские акции - про зависимость от нефти 36:00 В какие 3 компании в Казахстане я вложился бы? 39:00 На какие критерии надо обращать внимание для инвестирования компаний рынка сырья? 41:57 Рынок электромобилей растет - как это повлияет на нефтегазовый сектор? 44:36 ВИЭ - низко маржинальный бизнес, который зависит от географических условий 47:15 На какие отрасли нужно инвестировать? Тренды будущего 50:40 Пример инвестирования в компанию, которая занимается ритуальными услугами 52:06 На какие финансовые-операционные параметры нужно обращать внимание инвесторам? 55:01 На какие показатели должны обращать внимание инвесторы нефтегазовой отрасли? 56:00 Себестоимость казахстанских месторождений 59:20 Мегапроекты в Казахстане проблематичны 1:00:25 Про текущую ситуацию с инвесторами большой тройки 1:03:40 Качества и навыки для лидеров 1:07:16 Пожелания слушателям подкаста Мы в Instagram: https://www.instagram.com/energy_analytics/ Linkedin: https://www.linkedin.com/company/analytics-energy/about/ Telegram: https://t.me/EnergyAnalytics

  • Мастер болу: Қазақстандағы кофе мәдениетін дамыту

    Мастер болу: Қазақстандағы кофе мәдениетін дамыту

    10 жыл бойы нарықта қызмет етіп келе жатқан Master Coffee желісі кофейнялар, баристалар мектебі, кофейнялар үшін қажетті құрал-жабдықтарды жөндеу және оларды сатумен айналысады. Эпизодта бұл бизнестің артықшылықтарын, Қазақстандағы кофе мәдениетін қалыптастырудың қыр-сырын талқылаймыз. Түсірілім қонағы: Ернат Мейрманов - Mastercoffee KZ speciality кофейнялар желісінің директоры және негізін қалаушысы Подкаст жүргізушісі: Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram арнасының және Energy Podcast Youtube арнасының авторы Тайм-кодтар: 02:45 Кофе саласына келуге не себепкер болды? 04:32 Master Сoffee ашылған нүктелері 05:24 Master Сoffee логотипі туралы - неге тасбақа? 09:45 Master Сoffee франишизасы және серіктестері туралы 11:02 Серіктеске қандай құндылықтар қажет? 13:10 Пассив франшиза жүйесі туралы 14:24 Кофе мәдениетін дамыту және оның деңгейлері 16:29 Specialty форматы туралы 17:46 Дүниежүзілік кофе дәндері статистикасы 19:03 Master Сoffee сервисі: кофе жабдықтары мен машиналары 22:00 Бас техникалық қызметкерді қалай жұмысқа алдық? 26:02 Кофе машинада ең жиі кездесетін ақаулар 27:19 Баристаларды оқыту мектебі 30:55 1000-ға жуық баристаны оқыттық 33:07 Кофе апараттарының түрлері мен деңгейлері 34:26 Кофейня ашсаң, ең маңызды актив – кофе машинасы 37:19 Италия, Америка,ТМД кофе мәдениеттері 38:25 Кофе бойынша интернет-дүкен 42:05 Кәсіпте бастан өткен ең ауыр челлендж қандай болды? 45:21 Экзотикалық кофе түрі 50:39 Нарықта тұрақты түрде қызмет ету үшін неге мән беру керек? 53:47 Кофе ішу мәдениеті дамып келеді 55:33 Бәсекелестік барда сапа бар 57:19 Болашаққа жоспар қандай? 58:46 Бас серіктес және ағайындылар қолдауы